Фото: facebook.com/Инка Рокеровна
Алматы қаласының білім басқармасы балалар демалысын ұйымдастыру бойынша жауапсыз қызмет көрсетушілермен соттасатын болады, — деп хабарлайды Massaget.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының білім басқармасы балалардың жазғы демалысының сәйкес келмейтін жағдайлары туралы түсініктеме берді. Басқарма мәліметінше, қызмет көрсетушіге, яғни «БелРичи» ЖШС компаниясына қатысты жауапсыз жеткізуші деп тану және мемлекеттік сатып алуға қатысуға одан әрі тыйым салу туралы талап-арыз дайындалып жатыр.
Білім басқармасы өкілдері қызмет көрсетушінің мемлекеттік сатып алуды өткізудің барлық ережелеріне толық сәйкес келген жағдайда анықталған.
Мысалы, 13 шілдеде «Арман дала» саяжай лагерінде балалар демалысын ұйымдастыру туралы шарт жасалған, 15 шілдеде білім басқармасының қызметкерлерімен бірге демалушылардың алғашқы легі келді.
Талаптар бұзылған кезде балаларды үйлеріне апару процесі шұғыл түрде басталған. Қазіргі уақытта лагерьде балалар жоқ. Жақын арада олар мектеп оқушылары демалған кезде ережелер қатаң сақталатын лагерьлерге жіберілетін болады.
Қызмет көрсетушімен қазіргі шарт бұзылады, сондай-ақ осы компанияның басқа мемлекеттік сатып алуға қатысуына жол бермеу үшін жосықсыз өнім беруші деп тану туралы талап арыз беріледі. Білім басқармасының жауапты қызметкеріне қатаң сөгіс жарияланды.
Қазіргі уақытта білім басқармасы қоғамдық кеңеспен бірлесіп жұмыс тобын құрды, оның құрамына ата-аналар қоғамдастығының, қалалық прокуратураның және барлық мүдделі органдардың өкілдері кірді. Жұмыс тобы аясында барлық қала сыртындағы лагерьлер тексеріледі. Жұмыс тобы қала маңындағы лагерьлерге жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы үнемі есеп береді»,
делінген ресми хабарламада.
Еске салайық, «Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары» санатындағы алматылық мектеп оқушылары балалар лагеріне тегін жолдамалар алды, бірақ сауна ғимаратына орналастырылғаны хабарланған болатын.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…