Саясаттанушы Қазақстан халқы өсімі апатты екенін айтты

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев өсім көптеген салаға қосымша қысым жасап, халықтың шамадан тыс көбею қаупін тудырады деп есептейді.

Бір күн бұрын Адам ресурстарын дамыту орталығы эксперттері оңтүстік облыстар мен Маңғыстауда туу көрсеткішінің жоғары екеніне байланысты болжам жасады. Олар 2050 жылға қарай Қазақстан халқының саны 27,7 миллион адамға дейін артуы мүмкін екенін хабарлады. Ал Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Ақмола облыстарында халық саны одан сайын төмендеуі мүмкін.

Саясаттанушы жағдайдың бұлай болуын гуманитарлық апат деп атады.

Әрине, халық санының өсуі — экономикалық өсу факторы. Тіпті ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға ынталандырады деген пікір бар. Дегенмен іс жүзінде біз халық саны көп аймақтардағы бақылаусыз туу туралы айтып отырмыз.

Бұл экологиялық, экономикалық, әлеуметтік инфрақұрылымға шамадан тыс қысым және мегаполистерге миграциялық қысым жасайды. Мегоаполистер көші-қонның қазіргі деңгейін және тұрғындарының жоғары туу көрсеткішін қорыта алмай отыр,

деді Данияр Әшімбаев.

Ол еліміз денсаулық сақтау мен білім беру саласына арналған инфрақұрылымды дамытуға үлгере алмай жатқанын айтып өтті. Оған қоса, қазірдің өзінде жұмыс орындарының айтарлықтай тапшылығы бар екенін және жаңа азаматтардың көпшілігі жүйелі жұмыссыздыққа ұшырағанын ұмытпаған жөн.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросы мәліметі бойынша, Қазақстан халқы саны 2022 жылғы 1 шілдеге қарай жыл басынан бері 123,9 мың адамға артып, 19 миллион 246 мың адамға жеткен.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago