Categories: Саясат

Саясаттанушы депутаттарға чип орнатуды ұсынды

Қазақстандық саясаттанушы және белсенді Данияр Әшімбаев халық қалаулыларының жұмысын бақылап отыру үшін оларға чиптерді енгізуді ұсынды.

Саясаттанушы бұл ұсынысымен өзінің Telegram желісіндегі парақшасында бөліскен.

Мәслихат институтын жаңғырту аясында депутаттарға арнайы чиптер енгізуді ұсынамын, оның көмегімен сайлаушылар депутаттардың өз округтерінде болуын бақылап, жұмысын қадағалайды,

деп жазды Әшімбаев.

Чип енгізу бойынша осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіде Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Гүлжайна Дәрімованың ерекше ұсынысы жарияланған болатын. Депутат әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға чип салуды ұсынып, даудың астында қалған еді.

Тұрмыстық жағдайы төмен отбасыдан шыққан балаларды кешкі уақытта тексеру керек немесе чип қою керек. Өйткені, көп жағдайда түнгі мезгілде олардың қайда екенін білмейміз. Тіпті, мен олардың денесіне чипті тігіп қоюды ұсынар едім,

деп мәлімдеді депутат әлеуметтік желіде.

Алайда желі қолданушылары депутаттың ұсынысын қатты сынап тастады.

Қиын балаларға чип салу керек дедім. Балаларды ұратындар қоғам үшін қауіпті. Алайда әдеттегідей, бәрі бұрылып, мені мазақ етеді. Жақсы хайп. Менің парақшамда оқырман санын көбейтіңіздер,

деп жазды Гүлжайна Даримова.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago