Белгілі украиналық журналист Дмитрий Гордонның «Егер Ресей Украинадан бұрын Қазақстанға басып кірсе, онда жеңіске жетер еді. Бірақ Ресей бізге соғыс ашты. Біз Ресейді әбден қалжыраттық. Енді Ресейдің Қазақстанға соғыс ашар қауметі қалмады. Сол үшін бұрынғы КСРО-де болған барлық ел Украинаға алғыс айтуы керек» деген сөзі әлеуметтік желі қолданушыларының көбіне ұнамай қалды.
Саясаттанушы Самат Нұртазаның пікірінше, Гордон бұл сөзін Қазақстанға қызыққаннан кейін айтты. Бұл сөзімен ол пендешілігін көрсетіп қойды.
Гордонның елі күл-талқан. Өз бауыры, діндес бауыры, егіз бауыры соғыс ашты. Халқы босып кетті. Мыңдаған ер азаматынан айырылды. Әлбетте Гордон іштей: “Қазақты алғанда ғой …” деген өкініші бар екенін жасыра алмады,
дейді Самат Нұртаза.
Бірақ, айтуынша, мәселе тереңде жатыр. Оның бірі — тарих Украинаға терең саясаткер бермегенінде. «Тағдыр Украинаға сабырлы басшы бермеді», — деп есептейді саясаттанушы.
Кучмадан кейінгі келген Ющенко/Порошенко/Янукович/Зеленский буындары шыдамсыздау болғанын мойындау керек. Көп нәрсе басшыға байланысты. “Ең мықты соғыс — ол болмаған соғыс” деген мақалды ұмытқан сияқты көпшілік…
дейді саясаттанушы.
«Ресей бұл соғысқа 99% кінәлі болса, 1% кінә Украинаның дипломатиялық жолын таңдамауында жатыр» — деп есептейді саясаттанушы.
Мемлекет аралық мәселелерде дипломатияға жүгінудің орнына, Украина билігі мінез көрсетті, кей мәселеде шамасына қарамай сөйледі, артық эмоция байқатты. Әрине біз үйде, кафе мен офиста украиндықтардың “Батырлығымен” тамсанамыз, бізге оңай. Қаламыз сау, жеріміз азат, аспанымыз ашық, той жасаймыз және т.б.
деп жазды ол.
Айтуынша, Гордонның сөзін болдырмаған — Тоқаевтың дипломатиясы. Гордонның ішінде жатқан қыжылын Ақ Орданың терең саясаты тербетіп отыр. Гордон — Қазақстан билігінің қателеспегеніне ызалы сияқты. “Мен көргенді неге Қазақстан көрмеді” деген реніш.
Жалпы Украина халқы дұрыс басшы таңдамады — нәтижесін көріп отырмыз. Қазақстан халқы — дұрыс басшы таңдады — оның да нәтижесін көріп отырмыз,
деп түйіндеді Нұртаза.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…