Categories: Саясат

Саяси кек емес: қырғыз президентінің әрекеті нені білдіреді?

Белгілі саясаткер Досым Сатпаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың әдеттен тыс қадамына қатысты пікір білдірді. Ол Қырғызстанның бүкіл бұрынғы президенттерінің басын қосқан еді.

Өзінің фейсбуктегі парақшасында ол былай деп жазды:

Жапаровтың айтқаны

«…Садыр Жапаров тоқтар емес. Ол бір-біріне әлі де талай өкпе-наздары бар Қырғызстанның бұрынғы президенттерін бір дастархан басына жинады. Олар – Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Роза Отунбаева, Алмазбек Атамбаев және Сооронбай Жээнбеков.

«Егер біз егемендігімізді, тәуелсіздігімізді нығайтып, даму үшін бүкіл мүмкіндігі бар Қырғызстанды дамытамыз десек, өткенді, өкпе-ренішті, арыз-шағымды біржолата ұмытайық. Барша қырғызстандықтар, бірігіңіздер!

Тәуелсіздігімізді жарияласақ та, дамуымыз неге бәсеңдеп барады? Мұндай сұрақтар бірінен соң бірі туындайды… Еліміз солтүстік-оңтүстікке, жеті облысқа бөлініп, әрқайсысы өз қамын жеп отырғанмен қоймай, өкінішке орай, қазір қырғыз халқы әр президентті жақтап, сол арқылы тағы да жетіге бөлініп жатыр. Алайда, Қырғызстанның болашағы біз үшін маңызды болса, онда біз «Ақаевшы», «Бакиевші», «Атамбаевшы», «Отунбаевашы», «Жээнбековшы» және т.б. ұғымдарды жоюымыз керек. Біз баршаның басын біріктіре отырып, халықтың болашағын ойлауымыз керек.  Бастапқыда халық сайлап, соңы қайғылы аяқталған барлық президентті жинасақ, бәлкім, бір жұдырықтай жұмылған біртұтас ел болармыз деген ой мені көптен бері мазалап жүр еді», — деп жазды Жапаров (kloop.kg мәліметі бойынша).

Тунистік нұсқа

Бір қарағанда 2013 жылғы Тунисті еске түсіреді. Онда өздерінің саяси реніштері мен түсініспеушіліктерін ысырып қойып, ел мүддесі үшін бірігуге бел буған түрлі саяси күштерден тұратын «Тунистегі ұлттық диалог квартеті» құрылған болатын.

Кейін бұл саяси квартет Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталды.

Тоқырау – тұрақтылықтың иллюзиясы

Әрине, Қырғызстан жайлы айтатын болсақ, басты ерекшелік – Садыр Жапаров билікті экс-президенттермен бөліскелі жатқан жоқ. Дегенмен ол халықты өзі кететін күнге дайындап қойғысы келеді, және әр түрлі саяси күштер арасында өз мүддесін ел мүддесінен жоғары қоймайтыны жайлы азаматтық келісім болса екен дейді.

Мұның бәрі немен аяқталатынын айту қиын, бірақ бұл посткеңестік кеңістіктегі мұндай алғашқы саяси прецеденттердің бірі. Бәлкім, бұл 2005 жылдан бері билікті жиі ауыстырып, түрлі саяси үлгілерді қолданып келе жатқан Қырғызстанның бұл елдегі саяси мәдениет деңгейін көршілес авторитарлық елдерге қарағанда әлдеқайда жоғары көтергенінің белгісі болса керек. Себебі ол елдерде тоқырауды тұрақтылық етіп көрсетіп, ал билікке таласты тіпті бір ойынға айналдырып жіберген».

Фариза Сагындыкова

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago