Categories: Галерея

«Тропиканканың құпиясы»: актриса Глория Пирес қалай өзгерді

1993 жылы Рут пен Ракель есімді егіздердің өмірін баяндайтын бразилиялық «Тропиканканың құпиясы» («Секрет тропиканки») телехикаясының премьерасы болды. Екі рөлді де актриса Глория Пирес ойнады. Ол қазір неше жаста және жылдар өте қалай өзгерді? Атақты бразилиялық актриса Глория Пирестің өміріндегі қызықты фактілер туралы баяндаймыз.

Қазақстанда «Тропиканканың құпиясы» телехикаясы «Орт» телеарнасы арқылы 1996 жылы көрсетілді. 130 сериядан тұратын сериал барлық жастағы көрермендерді қамтыды және 8 ай бойы адамдардың назарын теледидарға байлап қойды.

Қызықты дерек: теленовелланың түпнұсқа атауы — «Құмнан жасалған әйел». Әлемнің бірнеше елінде «Құм құпиялары», ал Ресей мен ТМД елдерінде «Тропиканканың құпиясы» деген атаумен берілді.

Сюжеттің ортасында егіз апалы-сіңлілі Рут пен Ракель болды. Олардың сырт келбеті бір-бірінен айнымайтын болғанымен, табиғаты мен құндылықтары жағынан бөлек жандар еді. Рут — ата-анасы мен отбасылық дәстүрлерді өте қатты бағалайтын және құрметтейтін мейірімді қыз, ал Ракель — өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру және мақсаттарына жету үшін бәрін жасауға дайын қыңыр қыз.

Екі кейіпкерді де актриса Глория Пирес ойнап шықты. Ақиқатында, ол екі емес, бірден төрт рөлді сомдады, өйткені оқиғаның орта тұсында Рут Ракель болып, ал Ракель Рут болып ауысып алатын кездерін де ойнаған.

Актриса Глория Пирес қазір қалай өзгерді?

2022 жылдың тамызында Глория 59 жасқа толды.

Ол әлі де телевизиялық шоулардың жұлдызы және актриса. Пирес түскен кейінгі фильм 2017 жылы шыққан, бірақ бразилиялық сериалдар ұзақ, кейде тіпті көпжылдық түсірілімдерімен танымал.

Глория Пирестің мансабында 20-дан астам телехикая бар, бірақ Қазақстанда олардың бірнешеуі ғана танымал: «Живая вода» (1980), «Роковое наследство» (1996), «Жестокий ангел» (1997), «Нежный яд» (1999), «Белиссима» (2005). Ал ең атақтысы — бұл «Тропиканканың құпиясы», оның премьерасы 1993 жылы — шамамен 30 жыл бұрын болған.

1987 жылдан бері Глория Пирес музыкант Орландо Морайспен тұрмыста.

Екеуінің ортақ үш баласы бар: Антонина мен Анна есімді қыздары және Бенто есімді ұлдары. Глорияның алғашқы некесінен Клео есімді қызы бар. Ол анасының ізін жалғап, қазір Бразилияда кино мен телехикаяларда ойнайды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 день ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

2 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

5 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

5 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

5 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

5 дней ago