Танымал блогер Әсел Асқарды соққыға жықты деген күдікке ілінген ер адам 15 тәулікке қамауға алынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ұсақ бұзақылық дерегі (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі) бойынша М.-ға қатысты әкімшілік істі қарады. Сот тамызда қаланың фитнес клубында М. жанжал шығарғанын, клиент А.-ға құрметсіздік танытып, азаматтардың тәртібі мен тыныштығын бұзғанын анықтады.
Сот отырысында М. іс материалдарында баяндалған деректерді растады және істеген ісіне ішінара өкінеді. М. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза қолданылды,
делінген хабарламада.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, блогер «Рояль» фитнес клубында кәсіби балуан, грек-рим күресінен чемпион бетінен бірнеше рет ұрғанын жеткізді. Сондай-ақ, қыз оған қауіп төніп тұрғанын айтты.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…