Атақ және ақша

Әсел Сәдуақасова құрсағындағы сәбиінен айырылып қалғанын айтты

Белгілі актриса, продюсер Әсел Сәдуақасова Тимур Балымбетовке берген сұхбатында үйлену тойынан кейінгі күйзелісі, басынан өткен ауыр жағдай туралы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актриса үйлену тойға дейін аяғы ауыр екенін білгенін айтты.

«Өте үлкен күйзелісті бастан кештік. Сәуір айының соңында Қазақстанға келуіміз керек болған. Біз үйленеміз деп ойламадық. Бірге тұрамыз деп шештік. Алайда мен аяғым ауыр екенін білемін. Біз үшін күтпеген жағдай болды. Бір жағынан қуанышымыз қойнымызға сыймады, бірақ тосырқап та қалдық. Қазақстанға келгенде, ата-аналарымызға айттық. Олар «Үйленіңдер» деді. Біз де келістік. Уақыты келгенде айтамын деп жүргенмін. Біреу «Аяғы ауыр боп қалып, күйеуге шықты» десе де, ондай сөздерді елемес едім. Тіпті үйленбей жәй ғана бірге тұрсақ сөз еретін еді. Оған да мән бермейтін едім. Біз дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз ғой. Алайда біз үйленуге шешім қабылдадық. Мен өмір бойы армандаған үйлену тойы болды. Тойдан кейін біздің қарым-қатынасымызға дағдарыс болды. Мен оған бөлек тұруды ұсындым. Себебі, бұл балаға кері әсер ететін еді. Аяғым ауыр. Маған бұлай жүйкемді жұқартуға болмайды дедім. Сол уақытта мен бәрін жүрегіме жақын қабылдадым. Болмайтын нәрсеге жылайтын едім. Қарым-қатынасты қалыпқа келтіріп, бірге уақыт өткізе бастадық», — деді өнер иесі.

Алайда Әсел Сәдуақасова құрсағындағы сәбиді алдырып тастауға мәжбүр болғанын айтып, көз жасына ерік берді.

“Екі аптадан кейін екінші скрининг болуы керек еді. Жүктіліктің жиырмасыншы аптасы болатын. Осы скринингте баланың дамуында өзгеріс болып жатқанын айтты. Сол апта мең-зең боп жүрдім. Дәрігерлер кеңесі құрылып, медициналық көрсетілім бойынша, баланы алдыруға шешім қабылдайды. Мен ауруханаға жаттым. Не болып жатқанын түсінбеймін. Бұл жағдай бізді жақындастырды. Сол сәтте өзімді кінәлай бастадым. Бірнәрсені дұрыс істемедім бе? Менде бірнәрсе дұрыс болмады ма? Бірақ жүктілік кезінде токсикоз да болмады. Өзімді керемет сезіндім”, – дейді актриса.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago