Оқиға

Семейде блогер 60-тан аса пойыз қызметкерінен ақша бопсалады деген айыппен ұсталды

Семейде 60-тан астам пойыз жұмысшысын бопсалады деп айыпталған блогер ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Семейде өзін блогермін деп таныстырып, бейнематериалдар арқылы қызметкерлерді бопсалаған ер адам ұсталды. 

Көліктегі ІІБ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған Семей қаласының тұрғыны ұсталды. Ол ар-намысына тиетін бейнематериалдарды таратамын деп қорқытып, Семей арқылы ішкі және халықаралық бағыттарда қатынайтын жолаушылар пойызы қызметкерлерінен ақша бопсалаған,

делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ол жолаушы атын жамылып, поезға мініп, жолда орын алған заңбұзушылықтарды ұялы телефонына жазып алған. Содан кейін оларды таратамын деген сылтаумен ақша бопсалаған.

Бұл қылмыс ұзақ уақыт бойы полицияның назарынан тыс қалды, өйткені жәбірленушілер ақпарат тарап кетеді деп, құқық қорғау органдарына хабарласудан қорықты. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына ақпарат түсе бастағаннан кейін ғана сотталушының заңсыз әрекеті тоқтатылды. Қаскөй ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды,

деді ІІМ ТЖДБ өкілі Қуандық Алпыс.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша 60-тан астам жолаушылар пойызының жұмысшысы жәбірленуші ретінде танылды.

Алдын ала тергеу 2021 жылдан бері жүргізілген заңсыз әрекеттердің нәтижесінде ұсталған азаматтың банктік шоттарына 48 миллион теңгеден астам ақша аударылғанын анықтады. Қылмыстық іс сотқа жіберілді,

делінген хабарламада.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago