Categories: Оқиға

Семейде мектеп-интернатта жасөспірім тамаққа қақалып көз жұмды

Семейде мектеп-интернатта 15 жастағы жасөспірім тамаққа қақалып көз жұмды.

Облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған баланың интернатта қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

7 сәуірде мектеп-интернатта 15 жастағы жасөспірім тамақтану кезінде тұншығып, өліммен аяқталған жазатайым оқиға болды. Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бала қайтыс болды.

Аталған дерек бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде,

делінген хабарламада.

Көз жұмған оқушының өліміне қатысты Абай облыстық Білім басқармасы түсініктеме берді.

Басқарма таратқан мәліметке жүгінсек, медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша оқушы тамақтың ірі кесектеріне шашалып, тыныс алу жолының жабылуына байланысты механикалық асфиксиядан көз жұмған.

Семей қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің 2016 жылғы 13 қаңтардағы қорытындысы негізінде бала «Жеңіл ақыл-ой кемістігі» деген диагнозбен интернатта білім алған. Баланың анасының есту, сөйлеу қабілеті төмен. Семей қаласындағы №9 мектепте еден жуушы болып жұмыс істейді. Толық емес отбасыдан шыққан, сабақты орташа оқыған.

Оқушының биологиялық әкесі К.А баламен бірге тұрмаған, бірақ ұлымен үнемі қарым-қатынаста болған. Баланың денсаулығы жақсы болған, ешқашан денсаулығына шағым болмаған, бірақ суық тиіп ауырған. Аптаның дүйсенбісінен жұмасына дейін №6 арнайы мектеп интернатта жатып оқыған, сенбі, жексенбі күндері анасы үйіне алып кетіп отырған» делінген Абай облыстық Білім басқармасы таратқан мәліметте.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago