Оқиға

Семейлік әйел тоқтап қалған лифт ішінде босанды

Семей қаласында жүкті әйел тоқтап қалған лифт ішінде босанды.

Оқиға 3 қыркүйек күні облыстық перинаталдық орталықтың №1 ғимаратында болған. Бірақ ақпарат әлеуметтік желіде тек бүгін жарияланды. ҚазАқпарат тілшісі аталмыш орталықтың бас дәрігеріне хабарласып көрді.

Жүкті әйелдерді акушердің сүйемелдеуімен жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінен перзентханаға ауыстыру кезінде осындай жағдай болды. 2-ден 4-ші қабатқа көтеріліп келе жатқан лифт кенет тоқтап қалған. Шұғыл түрде қызмет көрсететін ұйымнан лифтші шақырылды, ол келіп, бірден лифтті жөндеуге кірісті,

дейді Архат Құдайбердіұлы.

Лифт ішінде толғағы келген жүкті әйел және перинаталдық орталықтың тәжірибелі акушеркасы болған. Акушеркаға әйелді лифтте босандырып алуға тура келді.

Салмағы 3460 грамм ұл бала асқынусыз дүниеге келген. Әйел адам екінші күні нәрестесімен қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылды. Оның перинаталдық орталыққа ешқандай шағымы жоқ.

Лифттің аяқ асты тоқтап қалуы алғаш рет емес. Биыл орталыққа Парламент Мәжілісінің депутаты келген кезде де лифт істемей қалыпты.

№1 ғимараттың лифті 1988 жылы пайдалануға беріліп, жыл сайын тексеріліп тұрады. Осындағы 2 лифтті ауыстыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Жобаға қаржы бекітіліп, биылғы жылдың 20 қазанында тиісті жұмыстар басталуы тиіс,

дейді бас дәрігер.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago