Сенат депутаты Серік Шайдаров баспанаға шынымен мұқтаж толық емес отбасыларға жылдық 2%-пен ипотека алу мүмкіндігін беруді ұсынды. Бұл туралы ол сенатта тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған үкімет сағатында айтты.
Жуырда «толық емес» отбасылар жылдық 2%-тік кредитпен үй алу мүмкіндігін көздейтін «Бақытты отбасы» бағдарламасынан шығарылған болатын.
Депутаттың айтуынша, мұндай шешім бірнеше себепке байланысты қабылданды. Соның бірі еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратынша, ажырасқандар санының екі есе өсуі. Мысалы, 2019 жылы — 27,4 мың, ал 2020 жылы 59,8 мың ажырасу тіркелген.
Мүмкін, бұл жерде шындық бар шығар. Алайда бүгінде 148 мыңнан астам толық емес отбасы баспанаға мұқтаж екенін түсіну керек. Оның 60% табысы бір күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар. Мұндай отбасылардың көпшілігі үшін жылдық 5% тұрғын үй алу өте ауыр болады,
деді Шайдаров.
Осыған байланысты сенатор баспанаға мұқтаж халықтың әлеуметтік осал топтарын айқындау жөніндегі тәсілдерді қайта қарау қажет деп санайды.
Сондықтан уәкілетті мемлекеттік органдар осы мәселені жан-жақты зерделеп, үйге шынымен де мұқтаж толық емес отбасылар үшін жылдық 2% кредиттік тұрғын үй алу тетігін, соның ішінде халықтың осы санатын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы бағдарламаларға өзгерістер енгізуді айқындауы қажет деп санаймын,
деді Шайдаров.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…