Сенат Конституциялық сот туралы заң қабылдады

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы» ҚР Конституциялық заңы қабылданды.

Бұл құжат мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауын іске асыруға бағытталған.

Конституциялық заң жобасының мақсаттары Конституциялық сотты құру бөлігінде Конституцияға енгізілген өзгертулерді іске асыру, мемлекеттің құқық қорғау институттарын күшейту, негізгі заң ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету. Конституциялық заң жобасы 3 бөлімнен, 10 тараудан және 67 баптан тұрады. Мазмұны бойынша жобаны екі бөлімге бөлуге болады. Біріншісі – ол Конституциялық соттың және оның судьяларының мәртебесі, олардың кепілдіктермен қамтамасыз етілуі. Ал екінші бөлім конституциялық іс жүргізу тәртібіне арналған,

деді әділет министрі Қанат Мусин.

Конституциялық сот еліміздің бүкіл аумағында Конституцияның үстемдігін қамтамасыз ететін орган болады және биліктің сот тармағына жатпайды, өйткені бұл мәселе Конституцияда түпкілікті шешілді. Заң жобасында Конституциялық сот судьяларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін тоқтату тәртібіне байланысты мәселелер егжей-тегжейлі регламенттелген.

Атап айтқанда, олардың тәуелсіздігі мен кепілдіктері де бекітілген. Конституциялық соттың құзыреттері Конституцияның 72-бабымен тікелей реттелген. Мәселен, оларға сайлауды өткізудің дұрыстығы мәселелерін қарау, парламент қабылдаған заңдар мен халықаралық шарттардың республика Конституциясына сәйкестігін қарау, сонымен қатар Конституция нормаларына ресми түсіндірме беру құзыреті жатқызылған. Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес, Конституциялық сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты нормативтік құқықтық актілерді Конституцияға сәйкестігін қарайтын болады. Сонымен бірге Конституциялық сотқа жүгіну құқығы бас прокурор мен адам құқықтары жөніндегі уәкілге берілді,

деді министр.

Құжаттың екінші бөлімінде конституциялық іс жүргізудің жалпы шарттары мен қағидаттары бекітілді. Конституциялық сотқа жолданатын өтініштердің түрлері, олардың нысаны мен мазмұны айқындалды.

Конституциялық соттың өтініштерді қарау тәртібі бес кезеңнен тұрады:

  • Конституциялық сот аппаратымен өтініштерді алдын ала қарау;
  • конституциялық іс жүргізуге өтінішті қабылдау;
  • отырысқа дайындық кезеңі;
  • өтінішті қарау бойынша отырыс өткізу;
  • соңғы кезең – өтініш бойынша түпкілікті шешім қабылдау.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

7 дней ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago