Қоғам

Сенатор Шиповских теміржолшыларды зейнетке ерте шығарып, жалақысын көтеруді талап етті

Қазақстанда теміржолшыларды зейнетке ерте шығарып, жалақыларын көтеру қажет. Осылай деген сенатор Геннадий Шиповских қатардағы қызметкерлердің зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендетуді ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сенатор  бұл саланы дамыту үшін елімізде тіпті жаңа министрлік құрылғанын атап өтті. Алайда, теміржол қызметкерлерінің өмірін жақсарту саласында әлі де күрделі мәселелер бар. Оның айтуынша, мемлекеттік орган теміржолшылардың негізгі мәселелерін, оның ішінде жалақының төмендігін, тұрғын үйдің жоқтығын және зейнетке шығу жасын төмендету мәселесін әлі шешпеген.

Көлік министрлігінің ақпараты бойынша ең төменгі санаттағы «байланыс және дабыл» мамандарының жалақысы Ақтөбеде 382 мың теңгені, Қызылордада 354 мың теңгені, ал ең төменгі санаттағы «жолшының» жалақысы Абай облысында 280 мың теңгені және Павлодар облысында 280 мың теңгені құрайтындығына назар аударды. Бірақ бұл, шындыққа сәйкес келмейді,

деді сенатор Шиповских.

Сенатор өз баяндамасында өңірлердегі теміржолшылардан алған мәліметтерді келдірді. 

Ең төменгі санаттағы «байланыс және белгі беру» мамандарының қолға алатын жалақысы Ақтөбеде жобамен 200 мың теңге, Қызылордада 180 мың теңге, дәл солай ең төменгі санаттағы «жол жөндеушінің» жалақысы Абай облысында 160 мың теңге, Павлодар облысында 205 мың теңгені құрайды. Министрлік пен өңірлердегі теміржолшылардан алған ақпарат екеуі екі түрлі. Біз қайсысына сенеміз? Әрине, халықтын ақпаратына сенеміз,

деді сенатор депутаттық сауалында.

Сенатор осы деректерді алға тарта отырып, теміржолшылардың мәселелерін тоқытай шешетін бірқатар ұынысын жеткізді. 

“Қазір бұл салада 140 мыңға жуық адам жұмыс істейді, демек оның экономикалық әсері де үлкен болады. Біріншіден, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының жылдық табысын, мемлекет тарапынан берілетін субсидияны және инфляцияны ескере отырып, темір жол саласының қарапайым жұмысшыларының жалақысын көтеру керек. Екіншіден, темір жол саласындағы қарапайым жұмысшыларға корпаративтік келісім немесе басқаша тетіктерді қарастыра отырып, 55 немесе 57 жастан зейнетке шығаруды қамтамасыз ету керек. Үшіншіден, темір жол қызметкерлеріне арналған тұрғын үй бағдарламасы әзірленуі керек, сондай-ақ бағдарламаның тетіктерін барлық өңірлерге енгізіп, жергілікті атқарушы органдармен нақты алгоритмі жасалуы тиіс”, — деді сенатор.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago