«Сені зорлап кетсе деймін»: алматылық әзілкеш қыздарды қалай қорлады?

23 қарашада Алматыдағы Ivy барында стендап-кеші өтті. Онда әзілкештердің бірі Анди Топалидис мен залда отырған Маржан есімді блогер қыз сөзге келіп қалады.  

Маржан әзілкештің Twitter желісінде «Сені зорлап кеткенін қалаймын», «Феминистердің миын реттеу керек», «Сіздің анаңыз жезөкше» деген сияқты қыздарды қорлайтын пікірлер жазатынын айтады. Ол оның парақшасындағы сексисттік пікірлерін скрин жасап, тізбектеп өзінің парақшасында жариялаған. Ал барға ол әзілкешпен осы мәселеге қатысты сөйлесуге барған.

Мен өз басымнан гөрі басқа әйелдер мен құрметке мән беремін. Көріп отырғаныңыздай, бұл жүйелі мінез-құлық. Бұл адам қоғамға қауіпті,

деді блогер қыз.

Алайда әзілкеш пен блогер арасындағы әңгіме үлкен дауға айналған.

The Steppe басылымы бұл жағдайға қатысты Андидің де пікірін білген.

Мен шовинист немесе сексист емеспін және ешқашан болған емеспін. Мен ешқандай түрде зорлық-зомбылық пен кемсітушілікті қолдамаймын. Мен қорқынышты нәрселерді әзіл ретінде айтамын және басқа ештеңе айтпаймын, ал қазір кейбір нәрсені әзіл ретінде де қабылдауға болмайтынын түсіндім,

деді әзілкеш.

Әзілкеш қанша ақталса да, оның пікірі мен бардағы сөзі жұртшылықтың ашуын тудырды. Көпшілік оны жазалау қажет екенін алға тартты.

Полиция болған оқиғаны тексеруге кірісті.

Қазіргі уақытта полиция департаменті тексеру жүргізіп жатыр, оның нәтижелері бойынша істің мән-жайын анықталып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылданады. Фигуранттың әрекетіне құқықтық баға беріледі,

полиция департаменті.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

2 дня ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

3 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

4 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

4 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

4 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

6 дней ago