Сеул мэрі Хэллоуиндегі қайғылы оқиға үшін кешірім сұрады

Хэллоуиндегі қайғылы оқиғадан 4 сағат бұрын Итхэвонда адамдар тым көп жиналып жатқаны туралы 11 жедел шақырту түскен, бірақ еш әрекет жасалмаған.

Сеул мэрі О Се Хун 156 адамның өліміне себеп болған Хэллоуиндегі оқиғаға байланысты кешірім сұрады. Бұл туралы Ренхап агенттігі хабарлады.

Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты Сеул мэрі ретінде, мен апат үшін шексіз жауапкершілікті сезінемін және кешірім сұраймын. Сеул қаласының әкімшілігі жерлеу рәсімі аяқталмайынша және осы апат салдарынан қаза тапқандардың отбасылары, жарақаттанғандар мен қайғыға душар болған барлық азаматтар күнделікті өмірлеріне оралғанша, өзінің әкімшілік билігін жұмылдыруға барынша күш-жігер салады,

деді мэр баспасөз мәслихатында.

Жергілікті БАҚ-та қала әкімшілігі мен полицияның Итхэвондағы жағдайды бақылай алмағаны туралы мәселе қызу көтеріліп жатыр. Кейбір сыншылардың пікірінше, Сеул қаласының әкімшілігі, Енсан аудандық кеңсесі және полиция Хэллоуин мерекесінде 100 мыңнан астам халық жиналуы мүмкіндігін ескеріп, жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын қабылдауы тиіс еді.

Бүгін полицияның арнайы тергеу тобы Сеул қалалық полиция басқармасы, Енсан полиция бөлімі және тағы алты кеңседе полицияның Итхэвондағы адамдардың өліміне әкелген әрекетсіздігін тергеу аясында рейд жүргізді. Бұған дейін ұлттық полиция басқармасы қайғылы оқиғадан 4 сағат бұрын Итхэвонда адамдар тым көп жиналып жатқаны туралы 11 жедел шақырту түскенін, бірақ еш әрекет жасалмағанын мойындаған еді.

Еске салайық, 29 қазанда Оңтүстік Корея астанасында Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде адамдар сығылысып, бірін-бірі таптап, салдарынан 156 адам қаза тапты.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago