Сеулдегі Хэллоуин: Оңтүстік Корея билігі тергеуді бастады

Оңтүстік Корея билігі Хэллоуин мерекесі кезінде болған оқиғаға қатысты тергеуді бастады. Бұл туралы Daily Mail хабарлады.

Оңтүстік Кореяның премьер-министрі Хан Дак Су 31 қазанда ел тарихындағы ең ауыр апаттардың бірі — Сеулде 150-ден аса адамның өліміне себеп болған Хэллоуиндегі оқиғаны тексеруге уәде берді. Оңтүстік Кореяда аза тұту аптасы басталды.

Ресми өкілдердің айтуынша, бір түнде қаза тапқандар саны 154-ке жеткен, 149-ы жараланып, 33-і ауыр жағдайда. Қаза тапқандар арасында кемінде жиырма елдің азаматтары бар.

Үкімет бұл қайғылы оқиғаның себептерін мұқият тексереді және мұндай жағдай қайталанбауы үшін қажетті институционал өзгерістерді енгізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Біз қаза тапқандардың отбасы пікіріне құлақ асып, қажетті қолдау көрсетуге бар күшімізді саламыз,

деді премьер-министр Хан Дак Су.

Ұлттық аза тұту мерзімін жариялап, Итхэвонды апат аймағы деп жариялаған президент Юн Сок Ель дүйсенбі күні Сеул қалалық әкімшілігі жанындағы мемориалдық алтарьға барып, құрбандарға тағзым етті.

Еске салайық, 29 қазанда Сеулдің Итэвон көшесінде Хэллоуин мерекесі қарсаңында адамдар сығылысып, бірін-бірі таптап, салдарынан 200-ден астам жарақат алды, 154-тен астам адам қаза тапты. Оның ішінде бір қазақстандық бар. Қайтыс болған ақтөбелік Мәдина Шерниязова Кореяда магистратурада оқып жүрген.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago