Қоғам

Сезім мәһрмен өлшенбейді

Сыйлы әйелге жігіттер сыйлықты сұратпай-ақ жасайды.

Бұрын қазақта болмаған арабтың дәстүріне қызықпаған дұрыс. Дегенмен заманауи қоғамда мәһр сұрау сәнге айналып кетті.

Осындай сұрақпен көбінесе ажырасып кеткен келіншектер мамандарға жүгінеді екен. Мысалы Фарида есімді келіншек күйеуінен мәһрге былғары киім (шуба) сұраған екен. Тұрмыс құрғанына 5 ай болмай, ажырасып кетіпті. Мәһрге сұрағанына қолы жетпеген соң, ашуланып үйінен 500 мың теңгені алып кетіпті. Енді істегенім дұрыс па деп сұрақ қойып отыр.

Бұған белгілі журналист Дина Төлепберген жауап берді.

Менің кезімде мәһр сұрау болған жоқ. Өз күйеуімнен оны талап ету әлі де ойымда жоқ. Бірақ, соңғы кезде мәһрдің дау болып жатқаны туралы ақпараттар өте көп. Біріншіден, біреудің үйінен ақша алып кету, ол – ұрлық. Үстіңізден арыз жазылып, іс қозғалса, жазасыз қалмайсыз. Сондықтан қайтарып беріңіз.  Күйеуіңіздің сізге деген сый-сыяпатын шын көңілмен алғанға ешнәрсе жетпейді.

деп жауап берді журналист.

Біреу «Chanel» сөмкесінің оригиналын сұратады, оның бағасы  4 миллионнан жоғары. Белгілі блогер қыз жеке ұшақ сұраса, екіншісі 2023 жылғы Гелендваген көлігін талап етті. Оның бағасын сұрамаса да белгілі.

Шындығында, қазақтың қалың малы мен құдалығының өзіне ешнәрсе жетпейді. Үй, телефон, көлік деп күйеуіңнің алдында қадіріңді түсірмеген абзал. Сіз не айтасыз?

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago