Categories: Оқиға

Үш ай өткен соң: Сирияда жер сілкінісінен соң үйінді астынан тірі адам шығарылды

Сириядағы жер сілкінісінен үш айға жуық уақыттан кейін құтқарушылар үйінді астынан тірі қалған ер адамды алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Akhbar.fouri хабарлауынша, 16 мамырда желіде таратылған видеолардан бет-аузын сақал-мұрт басқан, қатты азып, терісі сүйегіне жабысып қалған ер адамның құтқарылған сәтін көруге болады.

Оның мұнша уақыт ішінде қалай аман қалғаны белгісіз. Құтқарушылар ер адамды дәрігерлерге тапсырды. Қазір ауруханада емделіп жатыр.

Айта кетейік, Сирияда 6 ақпанда күшті жер сілкінісі болды. Бірнеше күн бойы тірі қалғандарды іздеу-құтқару  жұмыстары жүргізілді. Жер сілкінісінен соң сегіз күн өткеннен кейін жергілікті билік 1500-ге жуық тұрғынның қаза тапқанын хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы көршілес Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған. Мұнда президент Режеп Тайып Ердоған айтқандай, 49 мыңнан астам адам апаттың құрбаны болды. Магнитудасы 7,7 және 7,6 болатын дүмпулер екі елде тоғыз сағаттық аралықпен болды. Оның әсері Ливан, Ливия, Грузия, Армения, Израиль және Кипрде де сезілді.

Анкара жер сілкінісін «ғасыр апаты» деп атады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago