Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысында көпқабатты үйдегі пәтерден өрт шығып, соның салдарына 3 адам қаза тапты.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға 15 наурызда Алтай ауданына қарасты Жаңа Бұқтырма кентінде болған.
ТЖД бөлімшесіне 5 қабатты үйдің 4-қабатындағы пәтерден қатты түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде төргі бөлмеде диван, кілем мен ағаш еден жанып жатқан. Теусеру жұмысы кезінде жатын бөлмеден 1973 және 1975 жылғы ер адамдар мен 1977 жылы туған әйелдің денесі табылды,
делінген ТЖД хабарламасында.
Көп ұзамай жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталған. Алдын ала дерек бойынша қызыл жалынның шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам мен 2 техника жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…