Қоғам

ШҚО-да көшеден табылған ит Германияда жаңа иелерін тапты

Шығыс Қазақстанда еріктілер құтқарған лабрадор тұқымды ит Германияда жаңа иелерін тапты. Бұл туралы YK-news.kz баспасы жазды.

Итті алғашында Риддер қаласының тұрғыны көшеде кетіп бара жатып, жеке үйдің ауласынан көріп қалған. Қара түсті лабрадор тұқымды ит лайға батып, жаңбырдың астында қысқа ғана шынжырға байланып тұрған. Қала тұрғыны итке көмектесу үшін ерікті Ольга Звонцоваға хабарласып, содан соң иттің иелерімен келісіп, оны алып кеткен.

Ольга Звонцованың айтуынша, Еваны (иттің аты) иелеріне көшеден тауып алған екен. Еріктілер әлеуметтік желі арқылы иттің бастапқы иелерін табуға тырысқан, бірақ ешкім жауап бермепті.

Бұдан кейін өскемендік ерікті Арман Назаров Риддердегі әріптестерімен байланысқа шықты.

«Менің Германияда достарым бар екені есіме түсті. Олар зорлық-зомбылықтан зардап шеккен немесе нашар жағдайда өмір сүрген лабрадорларға көмектесетін қор туралы айтты. Қор өкілдері Евамен бірге бейнеролик көріп, оған отбасын табуды ұсынды», – дейді өскемендік ерікті Арман Назаров.

Еріктінің айтуынша, Германияға жету үшін лабрадор Алматыға пойызбен барған. Сол жерде оны патронаттық тәрбиеге алып, шетелге жіберу үшін тағы бір ай құжат дайындады. Осы уақыт ішінде қор лайықты отбасын тапты. Ит Мәскеуге, содан кейін тікелей Германияға кеткен.

«Қазір Ева жаңа отбасымен тұрады. Оның досы бар – жылқы, онымен жақсы араласады. Олар Еваны орманда серуендеуге апарады, жақсы тамақтанады. Ең бастысы, оны жақсы көреді», – дейді Арман Назаров.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago