Фото: ашық дереккөзден
Өскемендік журналист Дарын Нұрсапаровтың жазуынша, «ГДК Альянс» деген компанияға қатты пайдалы қазбаларды қазу үшін Ұлан ауданынан 171,428 гектар жер берілген.
Журналист бөліскен құжатқа сәйкес, ГДК Альянс компаниясы 2021 жылы Ұлан ауданы әкімінің атына 2025 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияны өткізу үшін жария сервитут ұйымдастыру жөнінде арыз хат келіп түскен.
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылдың 21 қыркүйегіндегі қаулысымен ГДК Альянс ЖШС-ға Шыбынды кен орнында қатты пайдалы қазбаларды өндіру үшін жалпы аумағы 171,428 га жер берілді.
Маралдының шаңын шығарып бітіріп, енді табиғаты тамылжып тұрған Тайынтыға эксковатрдың ауызын салып жатыр екен.
Жазуынша, «әй дейтін әкім, қой дейтін депутат жоқ».
Орманның бәрін өртеп, қалғанын ауыр техниканың табанына салып қопарып тастасақ не болдық?
Ашық дереккөздердерде ГДК Альянс деген компанияның заңды мекенжайы Ұлан ауданы Тарғын ауылы деп көрсетілген. Иесі Ляхов Николай Куприянович деп жазылған. «6-10 адамға дейін жұмыс істейтін шағын кәсіпорын» деп көрсетілген.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…