Categories: Оқиға

ШҚО-да полиция қызметкері әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

Шығыс Қазақстан облысында полицей әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл деректі Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

«10 қазанда ШҚО патрульдік полиция инспекторының өлімі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша соталды тергеу басталды. Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр»,

делінген ШҚО ҚД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, бұл істе күдікті ретінде 36 жастағы жәбірленушінің серіктесі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

«Оқиға орнына облыс прокуроры, Полиция департаментінің бастығы, сондай-ақ Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы, ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілі аттанды. Қылмыстық істі тергеу жүріп жатыр. Бұл іс Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды»,

деп толықтырды ШҚО ДП өкілі.

Бейресми ақпарат көздерінің мәліметінше, полиция қызметкері түнде жұмбақ жағдайда қайтыс болған. Оның басы көлік есігі мен көліктің арасында қалып қойған. Қаза болған полицейді серіктесі тапқан. Күдіктінің айтуынша, ол әріптесінің көлікте жоқ екенін бірден байқамаған. Оқиға орнында марқұмның етігі мен сүйретілген іздері табылды.

Оқиға Алматыдағы тасжолда болған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

4 дня ago