ШҚО-да жеңіл көлік мұз астына кетіп, бір адам көз жұмды

Оқиға 6 жетоқсан күні сағат 19.00 шамасында Бұқтырма су қоймасында болған. Жүргізуші паромды күтпей, «Мерседес-Бенц» маркалы автокөлікпен мұздың үстімен жүріп өтпек болған.

Алайда, жағадан 800 метр қашықтықта мұз жарылып, көлік суға кеткен. 4 жолаушы өз бетінше шығып үлгергенмен, 72 жастағы әйел суға батып кеткен.

Оқиға орнына дереу Күршім ауданының сүңгуір жабдықтарымен ШҚО ТЖД-ның 4 қызметкері, артынша Өскемен қаласынан қосымша 6 құтқарушыдан тұратын топ жіберілген,

дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ оқиға болған жердегі мұздың қалыңдығы шамамен 15 сантиметрді құраған көрінеді. Ол жерде барлық тыйым салу белгілері орнатылған. Паром да белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеп тұр.

ШҚО ТЖД қызметкерлері тұрғындарға төмендегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау керектігін тағы бір еске салады:

  • Адамның мұзға шығуы үшін мұздың қалыңдығы – 10 сантиметр, жеңіл автокөліктің шығуы үшін – 30 сантиметр болуы керек;
  • Тыйым салу белгілері орнатылған жерлерде мұзға шығуға болмайды;
  • Шықпас бұрын өткелдің орнын, мұздың қалыңдығы мен беріктігіне көз жеткізіп алу керек;
  • Көліктің есіктерін ашық ұстаған жөн. Төтенше жағдай кезінде жолаушылар көліктен өз бетінше шығуға ыңғайлы болуы керек.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago