Categories: Қоғам

Ұшақ бортына алып кіруге болатын заттардың жаңа тізімі қабылданды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ұшақ салонында немесе багаж бөлімінде тасымалдауға тыйым салынған заттардың жаңартылған тізімін бекітті. Құжат Эталондық бақылау банкінің ресми сайтында жарияланған.

27 шілдеде жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттардың, сондай-ақ есірткінің барлық түрінің жаңа тізбесі бекітілді.

Алдыңғы нұсқамен салыстырғанда оған бірнеше жаңа элементтер қосылған.

Мәселен, егер бұрын ережелерде қол жүгінде сыйымдылығы 100 миллилитрден асатын контейнерлерде сұйықтықтарды тасымалдауға тыйым салынған болса, жаңартылған тізім бойынша бұл тармақ әлдеқайда егжей-тегжейлі сипатталған.

Жаңа тізімге сәйкес, қол багажында сұйықтықтар мен заттардың сыйымдылығы 100 миллилитрден асатын контейнерлердегі сұйықтықтар, аэрозольдер және гельдерді тасымалдауға тыйым салынған, оның ішінде:

  • су және басқа сусындар, сорпалар, сироптар, джемдер, бұқтырылған тағамдар, тұздықтар мен пасталар;
  • тұздықтардағы немесе сұйықтықтың көп мөлшері бар тамақ өнімдері; кремдер, лосьондар, косметика және майлар; әтірлер;
  • спрейлер;
  • шаш пен душқа арналған гельдерді қоса алғанда, гельдер;
  • қырыну көбігін, көбіктің басқа түрлерін, дезодоранттарды қоса алғанда, қысымдағы ыдыстар;
  • пасталар, оның ішінде тіс пастасы да;
  • қатты заттары бар сұйықтық қоспалары;
  • кірпікке арналған тушь;
  • ерін жылтыратқышы.

Тек дәрілік заттарды, балалар тағамы және ұшу ұзақтығына қажетті мөлшердегі арнайы диеталық қажеттіліктерді, сондай-ақ әуежайдағы бажсыз сауда дүкендерінде немесе әуе кемесінің бортында сатып алынған сұйықтықтарды алуға болады,

делінген ережеде.

Сондай-ақ тізімге жаңа тармақ қосылған – қауіпті заттар мен багажда тасымалдауға тыйым салынған заттар. Оның құрамына батареямен жұмыс істейтін шағын электронды темекі құрылғылары кіреді, соның ішінде:

  • электрондық темекілер;
  • электрондық жұқа сигаралар;
  • электрондық сигаралар;
  • электрондық түтіктер;
  • жеке буландырғыштар;
  • электрондық никотин беру жүйелері.

Бұл ретте батареялар құрмындағы литий 2 грамнан, ал литий-ионды батареялардың үлес қуаты — 100 ватт-сағаттан аспауға тиіс.

Сонымен қатар құрамында литий немесе литий-ионды элементтерді, сондай-ақ қосалқы батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды (сағаттар, калькуляторлар, камералар, ұялы телефондар, ноутбуктер, бейнекамералар және т.б.) багажда тасымалдауға тыйым салынады.

Бір адамға екі бөлек қорғалған қосалқы аккумулятордан артық болмауы керек. Пайдаланушымен ақылдаса отырып, құрамында литий-ионды батареялары бар портативті электрондық құрылғыларды және меншікті қуаты 100 ватт-сағатта, бірақ 160 ватт-сағаттан аспайтын қосалқы литий-ионды батареяларды тасымалдауға болады,

делінген құжат мәтінінде.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago