Шахизаданың төртінші күйеуі бұрынғы әйеліне қайта оралды

Белгілі әнші Шахизада көпшілікке сүйіктім деп таныстырған Ерболат Ержанбаев келіншегімен қайта қосылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі көпшілікке келіншегін таныстырып, бірге бейнебаянға түсті. Осылайша әнші өзі жайлы қауесетке нүкте қоймақ.

Жүрегімнің ішіндегі жүрегім. Үш ұлымның аяулы анасы есімі Мереке. Елі – Қоңырат, Құлшығаш (Шымкент сити). Біз бақытты жандармыз. Аллаға сансыз шүкір. Бізде бәрі жақсы. Айтпақшы, осы уақытқа дейін инстаграм парақшасы болмаған. Көп сынай бермеңіздер, менің келіншегім актриса емес, жай қарапайым мұғалім. Өзім осы видеоға түсші деп ұсыныс жасадым. Әрине, түсуге қысылды,

деп жазды Ерболат Ержанбаев.

Көпшілікке Шахизаданың сүйіктісі боп танылған әнші әйелімен бақытты екенін айтқан соң желі қолданушылары эстрада жұлдызымен қарым-қатынасы туралы сұрақтарды жаудырды.

“Шахизада не болды?”, “Шахизаданы халыққа өзін таныту үшін пайдаланды”, “Шахизада қайда?”, “Қатыны кім екенін өзіде білмей жүрген сияқты”, “Осыған тұрмысқа шыққанын айтып әлемге жар салған жоқ па, Шахизада ханым”, “Түсініксіз болып кетті”, – деп жазды желідегілер.

Оқырмандардың бірі әншінің отбасына қайтып оралғанын құп көрсе, енді бірі екі әйелдің ортасында тұрақтай алмады деп сынға алды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

12 минут ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

21 час ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

22 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago