Фото: ашық дереккөзден
«АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық кешені – Теміртау қаласындағы атмосфералық ауаны ластаушы негізгі кәсіпорын. Оның ауаны ластаудағы үлесі – 86,4 пайыз.
Жыл сайын «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына экологиялық бақылау жүргізіледі. Биылғы 9 айда аумақтық экология департаменті компанияға 7 жоспарлы және жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның нәтижесі бойынша экологиялық заңнаманың бұзылуы фактілері анықталды. Мәселен, бейорганикалық шаң-тозаңдарды нормативтен тыс шығарған, бұрын берілген нұсқамаларды орындамаған және газ шығатын құрылғыларды ұстау бойынша тиімді шаралар қабылдамаған.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов осылай мәлімдеді.
Оның айтуынша, аталған кемшіліктер негізінде «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жалпы сомасы 5,8 млрд теңге айыппұл салынған. Кәсіпорын бұл шешіммен келіспей, шағым түсірген. Зұлфұхар Жолдасов қазір істің сотта қаралып жатқанын атап өтті.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…