Қарағанды облысының әкімі қайтыс болған кеншілердің отбасына мемлекет тарапынан көмек көрсететілетінін мәлімдеді.
Қайтыс болған кеншілердің отбасына әкімдік тарапынан қажетті көмек көрсетіледі. Ұжымдық еңбек шартына сәйкес, бұл отбасыларға шахтерлердің 10 жылдық еңбекақысы төленеді. Сондай-ақ несиесін жабу, балаларын оқыту секілді көмек көрсетіледі.
Биылдан бастап ұжымдық шартта зардап шеккендердің отбасыларына қосымша баспана алып беру шарасы енгізілген. Әрбір отбасыға қосымша пәтер беріледі,
деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Еске салайық, 3 қарашада Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада жарылыс болып, бес кенші қаза тапты.
Оқиға орнында облыс әкімі Жеңіс Қасымбек, қала әкімі, компания басшылығы, апаттық-құтқару қызметі жұмысын бастап кетті.
Облыс әкімдігі өкілдерінің айтуынша, газ шыққан кезде шахтада 106 адам болған. 101 кенші жер бетіне көтерілген. Ал көтеру құрылғысының жұмысын қамтамасыз ету үшін 5 адам қалған.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы («Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин аттанды. Онда ол құрылған комиссияны басқаратын болады.
Сондай-ақ АМТ көмір департаментінің директоры Арман Қалықов қаза тапқан жұмысшылардың туыстары мен жақындарынан кешірім сұрады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…