Шахтинск тұрғыны сыйлыққа дәмеленіп 2,7 млн ақшасынан айырылды

Тамыз айының басында Шахтинск тұрғыны бір азаматпен танысып, WhatsApp қосымшасы арқылы сөйлесе бастаған. Ол өзін Казимирмін деп таныстырып, Ұлыбританияда тұратынын және көлік сатумен айналысатынын айтқан. Бірнеше күннен соң жігіт сыйлық жасағысы келетін ниетін білдіреді. Басында күдікпен қараған әйел жігіттің ниетін жауапсыз қалдырады. Алайда Казимир өзінің сыйлық жасағысы келгені туралы қайта-қайта айтып, айтқанына көндіріпті. Ол сыйлықты қорапқа салып жатқаны, онда әйел адамдардың қол сөмкесі, қол сағаты және аяқ киімдері бары туралы бейнежазба жіберген. Сонымен қатар ол қорапқа шамалы ақша салғанын және оған ұнаған затты сатып алуға болатынын айтып, сыйлықты ұшаққа салып жіберетінін айтқан. Казимир барлығын өзі төлегенін және сыйлықты күтіп алғанда жеткізу ақысын төлеу керектігін ескертіпті. Арада үш күн өткенде Қазақстанның жеткізу орталығынан көрсетілген мекенжайға сыйлықтың келгені туралы ұялы телефонға хабарлама келеді. Ол сыйлықты алу үшін  250 мың теңге ақша төлеу керек болыпты. Сондықтан әйел ақшаны айтқан есепшотқа салған. Бірнеше уақыт өткенде келе жатқан сыйлықты сканерден өткізгенде оның ішінде бірнеше бағалы заттың бары, сондай-ақ қомақты ақшаның болуына байланысты арнайы сертификат алу және күзетке ақша төлеу керек деген хабарлама түседі. Махаббаттан есі кеткен қыз көп ойланбастан банктен бас-аяғы 2,7 млн теңге ақша алып, оларға жіберіпті.

Қатесін кеш түсінген азаматша осылайша алаяқтардың құрбанына айналды. Полицияға келіп арыз жазып, енді алаяқтар табылады деген үміттен басқа амалы жоқ.

Аталған дерек бойынша Шахтинск қалалық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарынан бейтаныс адамдарға өздерінің жеке деректерін бермеулерін, күман келтірген есеп-шоттарға ақша аудармауларын сұрайды. Тауар аларда заттарды тексеріп алмай, ақша аудармау қажет. Жеке деректерді, банк карталардың деректемелерін, аударымдар туралы түбіртектерді ешкімге бермеңіз. Тауарды алғаннан кейін ғана төлем туралы келіссөздер жүргізуге тырысыңыз. Күмәнді мәмілелер бойынша аударымдарды жүзеге асырмау, ашық табыс көзінсіз қаржылық схемалардан сақ болу қажет,

деп ескертті басқармада.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago