Categories: Саясат

«Шамадан тыс эмоция, сабырға келіңіздер»: Соловьев даулы мәлімдеме туралы

Ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьев өзінің онлайн бағдарламасында эфирде Қазақстанға қарсы арандатушылық мәлімдемелер жасаған саясаттанушы Дмитрий Дробницкийдің сөздеріне қатысты ҚР СІМ білдірген сынына жауап берді.

Соловьев тек «болжам жасады» деген саясаттанушы қазір сынның астында қалғанын айтып шағымданады. Ол екі ел (Қазақстан мен Ресей) мен олардың басшылары арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастар «өте сенімді» екенін айтып, барлығына сабырға келуге кеңес береді.

«Шамадан тыс эмоциялық реакция маған ұнап тұрған жоқ. Менің бағдарламамда Дмитрий Дробницкий Қазақстанға қатысты өз болжамын айтып, пікір білдірді. Бізде сөз бостандығы бар емес пе? Қарапайым адам ретіндегі өз көзқарасын білдірді, ол мемлекеттік қызметкер емес қой, Дмитрийдің өз көрген-білгені бар, ұнасын-ұнамасын»,

деді тележүргізуші өзінің Соловьев Live бағдарламасында.

Ол осы жағдайдан кейін Дробницкийге қысым көрсетіле бастағанын, тіпті өлтіремін дегендер де болғанын атап өтті. «Бұлай енді болмайды ғой», — дейді Соловьев.

Бұған дейін ресейлік саясаттанушының мәлімдемелеріне ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко түсініктеме беріп, оның Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа көлеңке түсіретінін және Ресей билігінің реакциясына лайық екенін айтқан болатын.

Ал Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед «Ресейлік саясаттанушы Дробницкийдің «Қазақстанда да ұлтшылдық процестер басталуы мүмкін» деген сөзінен біздің елімізге тікелей қатер төндіретіні анық байқалады деді.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков саясаттанушылар мен Мәскеудің пікірі үйлеспейтінін айтып, олардың сөздеріне назар аудармауға шақырған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

12 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago