Categories: Қоғам

22 елді мекенді топан су басуы мүмкін

Қардың күрт еруі мен табиғат мінезінің құбылуы салдарынан «Шардара» су қоймасы ерте толып, ақыры апатты жағдайға ұласуы мүмкін.

Сырдария өзенінің бастауында тұрған көршілес елдерден ағып келіп жатқан су мөлшері бұрынғы жылдармен салыстырғанда биыл едәуір мол.

«Астана» телеарнасының көрсеткен деректеріне сүйенер болсақ, өткен аптаның әр күні  су қоймасына орта есеппен 42 млн текше метр су құйылған. Сыйымдылығы 5 млрд 200 млн текше метрлік су қоймасы лықа толып жатыр.

«Қазгидромет» РМҚ Түркістан облыстық филиалының басшысы Махамбет Жазықбаевтың айтуынша, Шардара былтырғы осы күнмен салыстырғанда 100 пайыз артық толып отыр.

Гидролог мамандар бұл құбылысқа Үкімет баса назар аударуы тиіс деп санайды. Өйткені еліміздегі ең ірі су қоймасы саналатын Шардара арнасынан асар болса, 34 мың тұрғын қоныстанған 22 елді мекенді су басуы мүмкін.

Тиісті мекеме тарапынан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне «Шардара» су қоймасының толуын 70%-дан асырмау және «Көксарай» су қоймасына су толтырмау бойынша ұсыныс хат жолданған. Шардараның шегінен шығып, айналасына су жайылуын болмырмауды көзейтін мамандар алатмыш шаруаны шешу жолында штаб құрылып, Үкімет деңгейінде тиісті іс-шаралар қабылдануы тиіс деп санайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago