Фото: pixabay.com
2023 жылы Қазақстаннан қажылық парызын өтеуге 4 000 адам барады деп жоспарланған. Сауд Арабиясы Қазақстанға осынша квота бөлген болатын. Мұнда құлшылық қызметтің түрлері көп екені белгілі. Дегенмен қажылыққа аттанарда VIP қызметін пайдалануға болатынын бірі білсе, бірі білмес. Тіпті отандастарымыз арасында осынау қызмет түрін алатындар қарасы көп екен. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі жазды.
Туристік агенттіктердің айтуынша, VIP қажылық бағасы 26 000 – 27 000 доллардан (шамамен 12 миллион теңге) басталады.
Агенттік өкілдерінің сөзінше, қарапайым қажылыққа баратындар біраз уақытын жағдайға, климатқа бейімделуге, сондай-ақ дін туралы білім алуға жұмсайды. Ал VIP қажылықпен баратындар – бұрын қажылық жасаған адамдар. Сондықтан оларға дайындықтан өтудің қажеті жоқ.
VIP қажылар үшін ең алдымен қызметтің сапасы мен ыңғайлылығы маңызды. Сол себепті оларға 10 орындықты ұшақ жалданатын көрінеді.
Сондай-ақ оларды әуежайдан арнайы көліктер алып кетеді. Сонымен қатар қарапайым бюджеттік қонақүйлер әл-Харам мешітінен үш шақырым қашықтықта орналасса, VIP қажылар тұратын қымбат қонақүйлер киелі орыннан 50 метрдей жерде ғана екен. Қажылық рәсімдерін орындайтын жерлерге қонақүй жақын болған сайын оның бағасы 20-30 есеге қымбат болады. Ал алыстаған сайын, бағасы да арзан.
VIP қажылар Қағба мен қалаға қарайтын 120 шаршы метрлік президенттік люкстерде тұрады. Мәселен, қажылық сапарға жөнелтетін қазақстандық турагенттіктермен бірлесіп жұмыс істейтін қонақүйлердің бірі – Dar Al Taqwa Hotel.
Бұл жерде бизнес люкстердің құны 167 мың теңгеден басталса, ал корольдік люкстердің бір түні 597 мың теңгеге дейін жетеді.
Тағы бір қонақүй – Makkah Clock Royal Tower, A Fairmont Hotel. Бұл жерде бір қонақүй номері 210 мыңнан басталса, Қағбаға көрініп тұратын корольдік люкстердің бір түні 1,3 миллион теңгеден асады. Одан бөлек, қонақүйлерде санаторийлер, қоғамдық моншалар мен спорт залдары бар.
VIP қажылыққа барушыларда ыңғайлы рейс пен жақсы қонаүйден басқа да көптеген мүмкіндік қарастырылған.
Мысалы, қажылық кезінде Меккенің маңындағы Мина алқабына барғанда қажылар шатырларда тұрады. Мәселен, бюджеттік шатырларда тұрушылардың дәретханасы көшеде орналасады, тамақ берілмейді. Ал VIP қажыларда керісінше жағдай жасалған. Шатырларда диван, дәретхана және үш уақыт тамақ, оның ішіне швед үстелі де кіреді.
Сонымен қатар Арафат тауына келуде де айырмашылықтар бар. Оған жеткенше қалталылар арнайы желдеткіш орнатылған тасығыштарда отырады. Тамақтану да қарастырылған. Бұдан өзге көптеген турагенттіктер VIP-қажыларға гидтің қызметін ұсынады.
ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлиевтің айтуынша, жыл басында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған арнайы қажылық комиссиясы қажылықпен айналысатын туристік фирмалар арасында арнайы конкурс жариялаған.
Сол конкурстың талаптарында бірнеше критерийлер бар. Ол талаптарды Сауд Арабиялық корольдігі ұсынады. Оның ішіндегі басты талап – қажыларға қолайлы жағдай жасау, қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы талаптарға сәйкес 18 турфирма комиссияның шешімімен қаржыларға қызмет көрсетуге лайықты деп табылды. Яғни оларға қажылықпен айналысуға рұқсат берілді.
Енді біз қазір нарық заманында өмір сүріп отырмыз ғой. Діни басқарма қажылықтың бағасына араласпайды. Ол біздің құзіретіміздегі мәселе емес. Әр компания қызмет түрін өздері ұсынады. Мәселен, жоғары баға болса, қызметтің түрлері де соған сәйкес болады. Қонақүй, әуе тасымалы, тамақ мәселесі, осының бәрі қызмет түрлеріне кіреді,
дейді Бауыржан Әбдуәлиев.
Біреулерге эконом пакет ұнайды, олар өздерінің қаражатына сай таңдайды. Жағдайы бар кісілер одан да жоғары пакетті таңдайды. Сәйкесінше тамағы, қонақ үйі, қызмет түрінің сапасы жоғары болады. Таңдау әркімнің өз еркінде. Бұл жердегі діни басқарманың негізгі мақсаты – қажылардың дұрыс құлшылық жасауына ықпал ету, шариғат талабына сай қажылықтың дұрыс орындалуын қадағалау.
Сонымен қатар Бауыржан Әбдуәлиев қажылық жасау парыз болуы үшін төмендегі шарттардың табылуы тиіс екенін айтты.
Аталған жоғарыдағы шарттардан басқа қажылық міндетін орындау үшін мына шарттардың да болуы керек. Бұлар қажылықты атқарудың шарттары деп аталады:
Қажылардың алғашқы легі 15 маусымда қасиетті сапарға аттанды.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…