Categories: Қоғам

Шегірткемен күресетін уақыт басталды

Бүкіл ел бойынша үйірлі зиянкестерімен күресуге биыл республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді. Мамандардың деректері бойынша, шегіртке 1,6 млн гектар аумаққа таралуы мүмкін.

Бұл жәндіктермен күресу үшін 1,4 млн гектар аумаққа әртүрлі фитосанитарлық мақсаттағы пестицидтер сатып алынды. Пестицидтердің қолда бар қорын (383,5 мың гектар) ескере отырып, өңдеу алаңы 1,77 млн гектарға дейін жеткізілетін болады.

Әкімдіктермен бірлесіп, өңірлерде жедел штабтар құрылып, мониторинг және химиялық өңдеу жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді. Мамандандырылған техника, оның ішінде жерүсті және әуе көлігі жұмылдырылып отыр.

Қазір италиялық прусқа қарсы қорғаныс іс-шаралары Ақтөбе, Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Павлодар облыстарында өткізіліп жатыр. Бүгінде 248,4 мың гектар өңделді.

Атырау және Қызылорда өңірлерінде азиялық шегірткеге қарсы қорғаныс іс-шаралары басталып, 4,4 мың гектар өңделді.

Жамбыл облысында мароккалық шегірткеге қарсы химиялық өңдеу толығымен аяқталды. Түркістан өңірінде қорғаныс іс-шаралары аяқталуға жақын. 78,4 мың гектар алаң өңделген.

Көршілес мемлекеттермен шекаралас аумақтарда бірлескен зерттеулер жүргізілетін болады. Бұл туралы ҚР АШМ мамандары Ресей, Қытай және Өзбекстаннан келген әріптестерімен алдын ала келісім жасасты.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago