Белгілі заңгер Айгүл Орынбек елдегі қауіпсіздіктің жағдайы ақсап тұрғанын айтып, өзінің Facebook желісінде жазба қалдырды. Оның айтуынша шекарамыз «проходной дворға» айналып кеткен.
Сосын, оған «Халықаралық іздеу салдық» деп жайына жібере салады. Болды, сонымен «ертегі» де «кино» да бітті. Бәрінен бұрын, дәл осы бассыздықтар мен заңсыздықтарға жол берген бірде-бір форма киген жауаптылар, тіпті олардың бастықтары да жауапкершілікке тартылмайды, оларға шара да көрілмейді ғой, шіркін..! Керісінше, кеуделеріне орден тағып, медальға көміп, құрметке бөлейді! Ащы болса да, бұл — шындық. Елдегі қауіпсіздіктің жағдайы ақсап тұр. Тіпті, қорқынышты. Халқым-ау, осыдан кейін, әділетті Қазақстан бар дегенге қалай сенеміз?,
деп бөлісті заңгер.
«Кез-келген «бомж» еркін кіріп, тал түсте қару дүкенін тонап, халқына оқ атқыза салады! Оны ұстаған жігітті «Халық батыры» қылып көрсетіп, онша-мұнша емес, оған «Айбын» орденін таға салады! Міне, сонымен «спектакль» бітті. Шымкенттегі Полицияның нақ «сыйқы» мен риясыз «шеберлігі» деген осы. Ал үстінен сот жүріп жатқан Генерал Күдебаев беймарал, еш кедергісіз шекара асып қашып кете салады.
Айта кетейік, осыған дейін қаңтар оқиғасы кезінде қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталған Серік Күдебаевтың сот отырысы бірнеше рет кейінге қалдырылып келген еді. Алайда 23 наурызда Күдебаевтың Бішкектен Түркияға қашып кеткені белгілі болып, оған халықаралық іздеу жарияланды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…