Білім

Шенеунік: «Орыс мектептерінде білім сапалырақ деген тұжырым — миф»

Елордада орысшаға қарағанда қазақша оқытатын мектептердің білім беру сапасы жоғары. Бұл туралы Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін елордада болған республикалық тамыз кеңесінен кейін тілшілер басқарма басшысынан қалада орысша және қазақша оқытатын мектептердің білім деңгейіне қатысты сұрақ қойды.

Қазақ мектептерінде білім сапасы жоғары. Шамамен 4 пайыз жоғары тұр. Бұл тұрғыда қазақ мектептеріндегі мұғалімдердің деңгейі мен оқыту сапасы жақсы,

деді Сенғазыев.

Осы орайда тілшілер «қоғамда қазақ мектептеріне қарағанда орыс мектептерінде жақсы сабақ береді деген стереотиптің орнығып кетуіне не себеп» болғанын сұрады.

Өз кезегінде басқарма басшысы бұл мәселе көбіне ата-аналарға қатысты екенін айтты.

Мен баланы белгілі бір мектепке беруге мәжбүрлей алмаймын. Бұл ата-ананың таңдауы, оқушының таңдауы,

деді Қасымхан Сенғазыев.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

16 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

17 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago