Categories: Саясат

Шенеуніктің баласына алғыс айтуымыз керек. Рас

Дәулет Тұрлыхановтың ұлына не үшін алғыс айтуымыз керек?

Жағдайды басқа көзқараспен бағалайық. Өз эмоциясын қадағалай алмайтын жігіт ең алдымен адамдардың алдында сүйіктісін сабаған еді. Кейін ерлі-зайыпты заңгерлерді соққыға жықты. Бұл жолы оның жолы болмағаны рас. Олег Чернов пен Анна Чернова Қазақстанда әжептеуір танымал адамдар.

Артынша, кіші Тұрлығановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабының 2-бөлігі «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» бойынша іс қозғалды. Бұл жағдайда екі немесе одан да көп адамға қатысты.

Жаза айыппұл төлеу, қоғамдық жұмыстар немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Ол жазасын өзі борышын өтеп жүрген әскери бөлімшеде алу керек еді. Алайда, бұзық жігіт өзі мініп келген көлікпен әскерден қашып кеткен.

Бір нәрсеге ұрынып қалған жоқ па деп бүкіл халық уайымдады, шынымен…

Аты аңызға айналған әулеттің ізбасарының іс-әрекеті оңып тұрған жоқ. Ол осы арқылы қоғамға, заңға қарсылық танытқысы келді-ау. Мүмкін ата-анасымен қарым-қатынасы нашар шығар. Әскерге босқа жіберіп отырған жоқ. Жөнге салайын деген шығар.

Ендеше, біз оған неге риза болуымыз керек?

Біздің қоғамда бұл қалыптасып қалған жағдай ғой. Әдетте шенеуніктердің балаларының былығынан кейін қоғамда кәдімгідей өзгерістер орын алады.

Ондай мысалдар жеткілікті.

Осыдан 10 жыл бұрын шенеуніктің ұлы Мақсат Үсенов жаяу жүргіншілер жолағында бір топ жастарды қағып кетіп, біреуі қайтыс болған. Ол темір тордан құтылып кетті. Марқұмның туыстары кешіріпті-мыс.

Бұл жағдайдан соң қылмыстық кодекске өзгертулер енгізілді. Жүргізуші мас болып көлік жүргізсе екі жақ татуласу мүмкіндігі алынып тасталды. Заң қатаңдатылды. Қазір өлімге әкелген жол апаты кезінде түрмеге отырғызады, мас болсаң, куәлігіңмен ұзаққа қош айтыса бер.

Екінші танымал адамды айтпасақ та біліп отырсыздар. Instagram желісінде қаржы пирамидасын жарнамалап жүріп, өзінің басы кетті. Оның әрекеті «Интернет жарнама» туралы заңның пайда болуына әсер етті.

Енді блогерлер жарнамалаған серіктестері туралы ақпаратты беріп отырады. Одан кейін, әлеуметтік желі арқылы ақша тапқыштар қадамдарын аңдап басатын болды.

2021 жылдың қыркүйегінде Сергей Дужновтың әрекеті елді шулатты. Ол оны үйінен шығаруға келген бес адамды атып тастаған еді. Кейін белгілі болғандай, ол «БанкЦентрКредит» АҚ-нан несие алып, оны қайтара алмағандықтан, басқа коммерциялық мүлкі сатылып кеткен.

Оған тиесілі ғимарат өз бағасынан 50-пайызға төмен ақшаға сатыған. Ол кезде бұлай сату танымал еді. Бұл схеманы сот орындаушылары мен банк қызметкерлері жасаған.

Осылайша бір сәтте Дужнов үйінен де, ғимаратынан да айырылды. Алайда оның активтері несие жабуға да жетпеген екен.

Қайғылы оқиғадан кейін «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» заңға өзгертулер енгізілді. Енді нарықтағы құнынан төмен жеңілдік бұрынғыдай 48 емес, 25 пайызды құрайды.

Расымен де осы пайыздардың кесірінен адамдар қырылды.

Енді Тұрлыхановтың ұлы қоғамға пайдасын тигізетіні сөзсіз. Оның әрекеті тергеу жұмыстарының жүйесін өзгертуге әсер етуі мүмкін. Мүмкін әкесінің Парламенттегі достары да ескерер. Қазір бұлтартпау шарасын таңдаған кезде соттар тек прокуратура органдарының шешімін басшылыққа алады. Прокуратураның өтініштерінің 97 пайызы қанағаттандырылды деген қорқынышты статистика бар.

Шындығында көріп отырғанымыз мынау. Қалталыдардың балаларына өтпейтін заң да болады екен.

Бұл үшін не істеу керек.

Прокуратура қамаумен айналыссын. Немесе әр жағдайды жекеше қарастырайық. Сот орындаушылары жетпейді, олардың жұмыстары онсыз да көп деп айтулары мүмкін. Айлывқ аз болса көтерейік, жетпесе алайық. Онда тұрған не бар?

Тұрлыханов та қоғамға пайдасын тигізуі керек шығар.

деп жазды Михаил Козачков.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago