Categories: Қоғам

Шетелде құлдыққа түскен қазақ жігіттеріне қатысты тың дерек шықты

Дубайға ақша табуға кетіп, хабар-ошарсыз жоғалған екі отандасымыздың тағдыры елді алаңдатып отыр, деп хабарлайды Qazaqstan.tv. 

Ата-аналары жарты ай бұрын іздеу салған іс осы аптада ғана көпшілікке жария болды. Із-түссіз жоғалған 25 жастағы Исламбек Қазбековтің достарына жолдаған соңғы хабарламасындағы геолокациядан Мьянмада жүргені белгілі болған.

Кейін Исламбек жазды деген хаттың мәтіні жарияланды. Онда ол Тайландқа жұмысқа алдап алып кетіп, үш мемлекеттің шекарасындағы «Алтын үшбұрыш» аймағы деп аталатын есірткі өндірісінің орталығына тап болғанын жазады. Әрі жанында тағы бір Қазақстан азаматы барын хабарлайды. Ол – 23 жастағы Жарас Сейіткәрім екені кейін анықталды.

Еске салайық, жұмыс іздеп, Дубайға кеткен Исламбек Қазыбеков пен Жарас Сейіткәрім хабарсыз кеткен еді. Жақындары хабар ала алмай  құзырлы органдарға хат жазып, көмек сұраған.

Осы аптада Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров екі азаматтың Оңтүстік-Шығыс Азияда еңбек құлдығына түскенін растады. Оларды елге қайтарып алу үшін барлық мемлекеттік орган жұмылдырылған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago