Categories: Саясат

Шетелдегі жастар әділетсіз отанына оралмайды

Мемлекет басшысы Нью-Йорк қаласында шетелде тұратын әрі әлемнің жетекші технологиялық компанияларында жұмыс істеп жатқан 400 қазақстандықты біріктіретін Digital Nomads IT қоғамдастығының өкілдерімен кездесу өткізген екен.

Тоқаев кездесуде «Әділетті Қазақстан» дарынды жастарға  жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтып, олар еліміздің дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосатынына сенім білдіріпті.

Алайда блогер Шыңғыс Бауыржанұлының пікірінше, шетелге кетіп қалған, әсіресе Google, Microsoft және Amazon сияқты жоғары технологиялық компанияларға барған жастар жақын арада Қазақстанға қайтып келмейді.

Бұған қарапайым үш себеп бар:

Біріншіден, шетелде шынымен де меритократия институты жұмыс істейді. Әсіресе ақпараттық технологиялар саласында. Біздің цифрландыру министрлігіндегі жылпос-жағымпаз шенділеріміз шетелге барса, көшеде қаңғып қалады. Өйткені ол жақта кадр іріктеу мен өсірудің талаптары мүлдем басқа.

Екіншіден, АҚШ-та мемлекет қазақ билігі сияқты арам қолымен IT саласына араласпайды. Біздегідей, монополия орнатып, бағындырып, бәрін бақылап-қадағаламайды. АҚШ-та мемлекетік бақылау органы атымен жоқ. Ол жақта бәрі жекенікі, бәрі ашық және әділ, ашық бәсеке орнаған. Соның арқасында технократия қатты дамып жатыр. Болашақ соларда.

Үшіншіден, өмір сапасы мен деңгейі. Бұл жерде ештеңе айтпасақ та болады.

Міне, Қазақстан қайда ұмтылуы керек. АҚШ-та ескі «жабайы Қазақстан» мен болашақ «жаңа Қазақстан» кездесіп қалды. Қазақстанды осындай балалар ғана дамыта алады,

дейді ол.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago