Қоғам

Шетелден келетін сәлемдеме үшін кеден алымы жойылды

Сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлер енді алаңсыз жұмыс істей алады. Бұл жаңалықты 2023 жылғы 1 қыркүйек күні «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы экономикалық қызметпен айналысатын қазақстандық кәсіпкерлер үшін жақсы жаңалық. «Атамекен» ҰКП мамандары төмен құнды (200 еуроға дейін) тауарларды ресімдегені үшін кедендік алымның нөлдік мөлшерлемесін белгілеуге қол жеткізді. Үкіметтің тиісті қаулысы тамызда қабылданды,

делінген «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының сайтында жарияланған хабарламада.

Ұлттық палата жыл басынан бері көлік прокуратурасының нұсқамасы бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тауарларға декларация ретінде оңайлатылған тәртіппен берілетін әрбір тізбе мен өтініш үшін, яғни, бұрын ешқашан төленбеген нәрсе үшін 20 мың теңгеден кедендік алым төлеуге мәжбүр болғанын еске салды.

Осы жайт курьерлік компаниялардың төмен құнды жүгі бойынша барлық экспорттық-импорттық операцияларын тоқтатты және отандық интернет-дүкендердің жұмысына теріс әсер етті,

дейді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы.

«Атамекен» ҰКП кедендік әкімшіліктендіру департаментінің директоры Дина Мамашеваның сөзінше, егер кедендік алымды бір декларация деңгейінде емес жеке жөнелтпе құжат саны бойынша төлейтін болса, онда алым мөлшері өседі. Мысалы, егер экспресс жеткізілімнің бір партиясында 500 жөнелтпе құжат болса, онда кеден алымы 20 мың теңге орнына 10 млн теңгені құрайтын болады.

Бұл халықаралық стандарттарға қайшы. Сондықтан мәселені шешу үшін біз бірден бірнеше мемлекеттік органмен жиналыс өткіздік. Кездесуде мемлекеттік органдардың әрекеті заңсыз екенін дәлелдеп, Үкімет қаулысына өзгерістер енгізуді ұсындық. Ұсынысымыздың ескерілгеніне қуаныштымыз. Енді курьерлік компаниялар мен интернет дүкендер алаңсыз жұмыс істей алады,

дейді ол.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago