Шетелдік БАҚ Қазақстан туралы не жазып жатыр? 8 шілде

Әртүрлі шетелдік басылымдар әр мемлекеттің ұстанымын нақты қадағалай отыра Украинадағы соғысты егжей-тегжейлі баяндап жатыр. Қазақстан туралы белгілі бір картина қалыптасты…

Президент Транскаспий дәлізін дамытуды тапсырды

Не болды: президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР үкіметіне халықаралық транзит үшін ғана емес, сонымен қатар мұнай экспорты үшін де Каспийдегі порт инфрақұрылымын жақсарту арқылы Транскаспий дәлізін дамытуды тапсырды. Бұл туралы Worldview жазды. Тоқаев сондай-ақ Каспий арқылы құбыр салу мәселесін зерделеуді тапсырды және мұнай экспортын әртараптандыру үкіметтің стратегиялық міндеті екенін айтты.

Неліктен бұл маңызды: Тоқаевтың бұйрығы Ресей соты қазақстандық мұнайдың 80%-ы әлемдік нарыққа жеткізілетін Новороссийск портына Каспий құбыр консорциумының (КҚК) мұнай құю экспорттық айлағын 30 күнге тоқтатқаннан кейінгі күні берілді. Қазақстан президентінің мәлімдемесі Ресейге тәуелділікті қысқарту үшін елеулі қаржы мен күш жұмсауға деген елдің ықыласын әлемге көрсетуі тиіс. Балама маршруттарды құру жобаларын іске асыру көп уақыт алады және көптеген шектеулерге тап болуы мүмкін, бірақ Қазақстан шетелдік инвестицияларды тарта алады және қазақстандық мұнай экспортын әртараптандыру баяу, бірақ сөзсіз тартымдылыққа ие болады.

Сауал тарихы: КҚК жабылуы әлемдік нарыққа тәулігіне шамамен 1,2 млн баррель мұнай жеткізуді тоқтатады. Ресей мен Қазақстан арасындағы шиеленістің өсуі Тоқаевтың СПЭФ-22-де квазимемлекеттік құрылымдарды мойындамау туралы айтқан сөзінен кейін байқала бастады.

Украина қақтығысына көп деңгейлі көзқарас

Қазақстан екі оттың – Ресей мен Батыстың ортасында қалды, деп жазады Intpolicydigest.  Қазақстанның басты сауда серіктесі қатаң санкцияларға ұшырады, енді Тоқаев саясатын мұқият теңдікте жүргізуі тиіс. 2022 жылы 5 маусымда елде демократияны дамыту мақсатында ҚР Конституциясына шамамен үш ондыққа жуық түзетулерді бекіткен референдумның өткізілуі Қазақстанның ниетінің маңызды және оң көрсеткішіне айналды.

Мұқият бақылаушылар ең жоғары деңгейдегі конференция, Қазақстанға АҚШ шенеуніктері мен ЕО және БҰҰ арнайы өкілдерінің, сондай-ақ ірі әлемдік компаниялар басшыларының келуі сияқты бірнеше оқиғаларға назар аударды. Мұның бәрі Конституцияның өзін реформалау процесіне қосымша болды.

Қазақстанның сыртқы саясаттағы бас қағидаты БҰҰ Жарғысына сәйкес келеді, бұл ҚР Президентінің дипломат және жоғары халықаралық құрылымдардың басшысы ретіндегі көпжылдық мансабын ескере отырып, таң қалдырмайды.

Тоқаев Путинді әрдайым ымыраға келуге шақырады. Ал президент Тоқаевтың өзі, Ресеймен ең ұзын құрлық шекарасы бар мемлекет басшысы Украинамен жағдайда не туралы ойлайды? Шешім қабылдау процесі бұл жағдайда екі фактормен анықталады — өз елінің аумақтық тұтастығын ойлау және халқының өзін-өзі анықтау құқығын жүзеге асыру ниеті. Қазақстан бейбіт шешім қағидаларын ұстануды жалғастыруда, сондықтан Украинаға гуманитарлық көмек жіберді. Автор байқаушыларға Қазақстан бұл мәселеде тәуелсіз емес деген ойлардан бас тартуды ұсынады. Тәуелсіздік Қазақстан прагматик және принциптерді жақтаушы болмауы тиіс дегенді білдірмейді.

Ресей қазақстандық мұнайдың көмегімен Еуропадан кек алды

Президент Владимир Путин Украинаны қолдайтын Еуропа елдеріне қарсы жаңа қару тапты. Бұл қазақстандық шикі мұнай және бұл шешімнен Путин ештеңеден ұтылмайды. Вloomberg жазғандай, КТК-ны бір айға жабу ресейлік емес, қазақстандық мұнай экспортын тоқтатады. Ресей бір тиын салмай, жаһандық нарықтардан тәулігіне шамамен 1,5 миллион баррель шикі мұнай шығара алады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

БҚО-да 57 жаңа үйдің құрылысы басталды

Батыс Қазақстан облысында су тасқынынан зардап шеккен елді мекен тұрғындары үшін 357 жаңа үйдің құрылысы…

1 час ago

Пара беруге итермелеген алаяқтар 10 жылға сотталды

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «№2 және №5 нан базасы» «Астық қоймалары»…

9 часов ago

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Исахов 8 жылға сотталды

Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға…

10 часов ago

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

3 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

3 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

3 дня ago