Қоғам

Шетелдік нөмірмен жүргендерді шырылдата бастады

Көлігін заңдастырмаған екі мың жүргізуші айыппұл арқалады. Мың жеті жүз шетелдік көлікті полиция айып тұрағына жіберді.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері заңдастыру мерзімін ұзартпайтынын айтты, деп жазады kolesa.kz.

«Былтыр 1 қыркүйектен бері қанша уақыт өтті? Бір жыл уақыт бердік, заңдастыруға болар еді. Не кедергі болды? Уақытын қанша ұзарта береміз? Үлгермегендерге биыл 1 қыркүйекке дейін тағы уақыт береміз деп шештік. Оған іліге алмаса, заң шеңберінде шара қолдануға тура келеді. Басқа не істей аламыз? Тіркелмеген автоны мініп жүруге рұқсат бере алмаймыз. Барлығы заң аясында болуға тиіс!» – Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басшысы Қайсар Сұлтанбаев осылай деді.

Шендінің сөзінше иесі 1 шілдеге дейін заңдастырып үлгермеген 15 мың машина тіркелген.

«Ал көлігін 2023 жылдан кейін кіргізіп, қазір сақтандыру мерзімі біткен болса, көлік құралын жүргізуге құқығы жоқ. Олар заң бойынша жауапқа тартылады. Бұл бір рет қайталанған болса, Әкімшілік кодекске сәйкес жүргізуші 34 500 теңге (10 АЕК) төлейді. Осындай алдын алу шараларын жүргізіп жатырмыз, — деді Қ. Сұлтанбаев. Ол осы кезге дейін 2000 шетелдік автомобиль иесі айыппұл төлегенін және полицияның көзіне қайта түскен 1700 машина айыптұраққа жіберілгенін атап өтті.

17 шілдеде билік елде тіркелмеген көлік иелеріне 1 қыркүйекке дейін машинасын уақытша есепке қоюға мүмкіндік берді.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

5 дней ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

3 недели ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 месяц ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago