Алматыдағы жеке жатақханалардың бірінде жанжал шықты. Тұрғындар келісім-шартты айналып өтіп, жалдау ақысын жылына бірнеше рет көтеретінін, ал шетелдік студенттер үшін тарифтер одан да жоғары екенін айтып шағымданды. Бұл туралы 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы хабарлайды.
Пәкістан мен Мысырдан келген бірнеше студент әділетсіздікке ұшырадық деп наразылық танытты. Айтуларынша, жергілікті тұрғындар пәтер ақысына 140 мың төлесе, шетелдік студенттер одан 25 мың теңге артық көп төлейді екен. Ал депозит 80 мың теңгені құрайды.
Жақында әкімшілік иелері ақшасын төлеп қойғанымызға қарамастан, біздің барлық заттарымызды дәлізге лақтырды. Есеңгіреп қалдық. Олар бізді шығаратынын, ақша мен депозитті қайтармайтындарын айтты. Бөлмені лас етіп ұстадыңдар деп қуып шықты. Біз бөлмені ластамадық. Тіпті ақшаны қайтару үшін тазалауға да келістік. Алайда олар келіспей қойды,
деді студент Нареш Қана.
Жергілікті студенттер де тұрмыс жағдайына көңілдері толмайтынын айтады. Жалдау ақысы ескертусіз бірнеше рет өседі дейді.
Белгілі болғандай, келісім-шартта кешіктірілген төлем бар, алайда, кейбір заңгерлердің пікірінше, құжатта 1,5 пайызды көрсетсе, ол 0,1 пайыздан аспауы керек. Осыған байланысты адвокаттар сотқа жүгінуді ұсынады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…