Шетелге ұшу арзандайды

Келесі жылдан бастап шетелдік лоукостерлерді тартудың арқасында билет бағасы төмендейді.

Қазіргі кезде министрлік ірі шетелдік лоукостерлермен келіссөздер жүргізіп жатыр.

Бізде ұлттық оператор жұмыс істейтін сегмент бар. Сосын лоукостерлер сегменті бар. Дәл қазір біз ірі лоукостерлермен жұмыс істеп жатырмыз. Қай компания екенін айтпай-ақ қояйын. Бірақ оларға «ашық аспан» аясында жолаушыларды алып кетуге рұқсат береміз. Мысалы, бір жақтан келеді де, Түркияға немесе Еуропаға алып кетеді. Ондайда билет бағасы әжептәуір арзан болады. Себебі лоукостердің қызметі пайдаланылады, оны келесі жылдан бастауды жоспарлап отырмыз,

деді Өскенбаев журналистерге берген сұхбатында.

Министрдің айтуынша, лоукостердің қызмет деңгейі басқаша болады. Бірақ Қазақстан арқылы әлем бойынша танымал ірі лоукостерлер ұшады.

Айта кетері, лоукостер мен әуе компаниясының басты айырмашылығы сол, баға әртүрлі болады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

6 дней ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

6 дней ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

6 дней ago