Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы шомылу маусымында 177 адам суға кетті. Ресми түрде суға түсу маусымы 3 айға созылады — 1 маусымнан 31 тамызға дейін.
Жаз мезгілінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары судан 136 адамды, оның ішінде 51 баланы құтқарды.
Суға шомылу маусымы басталмас бұрын және оны өту кезінде тұрғындармен судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Барлық жерде жүргізілген жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмағандар суға батып кетті. Салыстыру үшін: өткен 2022 жылғы шомылу маусымында 184 адам суға батып кетті (-4%), соның ішінде 62 кәмелетке толмағандар (-15%),
деп жазылған ведомство хабарламасында.
Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда суда шомылған. Судағы өлімнің негізгі себептері – өз күшін асыра бағалау, мас күйінде суға түсу, жүзе алмау. Ал балалардың суға батуының басты себебі – оларды ересектердің қараусыз қалдыруы.
Жалпы республика бойынша суда жаппай демалуға рұқсат етілген 612 орын бар. 4285 орын суға түсуге қауіпті деп танылып, суға түсуге тыйым салынған орындар тізіміне енгізілген.
Тыйым салынған және рұқсат етілген шомылу аймақтары туралы деректер 2GIS платформасында орналастырылған.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…