Қоғам

«Шошқа қора»: шетелдік турист Қазақстандағы ең көрікті орындардың бірін сынға алды

Асы үстірті аумағына демалуға барған шетелдік турист демалыс орнында күл-қоқыстың көптігін сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Турист қыз табиғат аясындағы жағымсыз көріністі желідегі парақшасында жариялады.

Асы үстірті – сіздердің еліңіздің інжу-маржаны, бірақ бұл жерлерді шошқа қора сияқты ұстасаңдар, турларыңнан не пайда? Жұмыс күндері тазалауға барып, бірнеше дәретхана орнатуға болады ғой ? Сіздер осы табиғат аясына көп адам апарасыздар, демалыс күндері бұл жерге 1000-1500 адам жиналады, шынымен де жиналып, бұл мәселелерді шешу мүмкін емес пе?

Алматы облысының әкімдігі қыраттың қоқыс ошағына айналуына қатысты түсініктеме беріп, ақталуға тырысты.

Демалыс күндері 11-13 тамыз аралығында ауқымды тур ұйымдастырылды. Бұл табиғаттың ластануына әкелді. 15 тамызда туристер қалдырған қоқыстарды тазалау мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі «Іле Алатау» мемлекеттік ұлттық саябағының өкілдерімен бірлесіп сенбілік өткізді. Аталған шараға 43 мың адам тартылды. Нәтижесінде 28 тонна қоқыс шығарылып, барлық аумақ тазартылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago