Categories: Экономика

Шығыс Қазақстанға газ тарту қарастырылуда

Шығыс Қазақстан облысының шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін 20 мың тонна дизель отыны (ДО) көзделген. Берілген өтінімдерге сәйкес шаруалардың атына ДО-нын тиеп-жөнелту көктемгі егіс жұмыстары кезеңінде бекітілген жоспардан 19,1 мың тонна дизель отыны жөнелтілді, — деп хабарлады Алмасадам Сәтқалиев 2023 жылғы 14 шілдеде өңір халқымен кездесуде сөйлеген сөзінде.

Бұл ретте облыс шаруаларының өтінімдері негізінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен (АШМ) бірлесіп егін жинау науқанына ДО бөлу көлемі бекітілді, ол 8,5 мың тоннаны құрайды.

Сондай-ақ Энергетика министрі өңірдегі газ саласының кейбір мәселелері туралы айтты.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің бұйрығымен мемлекеттік реттеу белгіленді және сұйытылған газдың шекті бөлшек сауда бағасы бекітілді, атап айтқанда ШҚО-да баға 1 литр үшін 70-75 теңгені құрайды. 1 шілдеден бастап бағалар литріне 6 теңгеге 76 теңгеге, ал шалғай аудандар үшін 81 теңгеге дейін көтерілді.

Өңірде 3 газ толтыру станциясы және 84 авто газ құю станциясы бар. Облыста сұйытылған газды тұтыну 2022 жылы 40 мың тоннаны құрады. 2023 жылғы қаңтар-маусым айларында шамамен 13 мың тонна тұтынылды.

Алмасадам Сәтқалиев министрлік ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын және бағаның алыпсатарлық көтерілуіне жол бермеуді қамтамасыз ете отырып, сұйытылған мұнай газы нарығын реформалау бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

Елдің солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру Үкіметтің басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Облысты газдандыру деңгейі 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша 3,1% құрайды немесе 22 883 (730 172-ден) адам табиғи газбен қамтамасыз етілген.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago