Фото: ашық дереккөзден
Биыл елімізде 99 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан көз жұмған.
Биылғы қаңтар-қараша айларында Қазақстанда отбасылық-тұрмыстық жанжалға қатысты ресми түрде 841 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6,9 пайызға аз.
Energyprom.kz мамандарының салыстыруынша, 2021 жылдың қаңтар-қараша аралығында 903 отбасылық және тұрмыстық қылмыстық құқықбұзушылық тіркелген, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,7% аз көрсеткіш.
Отбасылық-тұрмыстық жанжалдан шыққан қылмыстық құқықбұзушылықтардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелген: өңірде бір жыл бұрын 135, ал биыл 100 дерек тіркелген.
Сондай-ақ Алматы (87 жағдай), Қарағанды (80 жағдай), Павлодар (80 жағдай) және Қостанай (72 жағдай) облыстарында да осы тәріздес құқықбұзушылықтар саны біршама көп болып отыр.
Аталған құқықбұзушылық саны бойынша ең аз дерек жаңадан құрылған үш өңірде – Абай (3), Ұлытау (4) және Жетісу (5) облыстарында тіркелді.
Тіркеуге алынған істердің 97,6%-ы жеке тұлғаға қарсы қылмыстық құқықбұзушылыққа жатады. Басым бөлігі денсаулыққа қасақана ауыр (327 іс) және орташа ауырлықтағы (295 жағдай) зиян келтіру, сондай-ақ кісі өлтіру (99 іс) болды,
делінген зерттеуде.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаушылардың арасында меншікке қарсы қылмыстық құқықбұзушылықтар (9 іс) және басқаруға қарсы қылмыстық құқықбұзушылық (4 жағдай) жасағандар да кездесті.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…