Фото: ашық дереккөзден
Алтай қаласындағы жеке тұрғын үйлер маңында 8 жасар баланы ит талап тастаған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
YK-news жазуынша, оқиға 7 қыркүйекте кешкі уақытта болған.
Аудан орталығында 8 жастағы баланы көршісінің овчарка иті шабуыл жасаған. Куәгерлердің айтуынша, жануардың иесі абайсызда қақпаны ашық қалдырған, ал ит көшеге жүгіріп шыққан. Сол жерде 8 жасар бала жүгіріп бара жатқан. Ит бірден балаға тарпа бас салып, арқасынан қауып алған.
Бала ауруханаға жеткізіліп, жедел жәрдем қызметкерлері оқиға туралы полицияға хабарлаған.
Аталған дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 407-2-бабының 1-бөлігімен (жануарларға жауапкершілікпен қарау бойынша заңнаманы бұзу) 17 250 теңге айыппұл салуды көздейтін әкімшілік іс қозғалды,
деді Алтай аудандық жергілікті полиция қызметінің бастығы Дмитрий Шило.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…