Categories: Оқиға

Шығыс Қазақстан облысында адамдар мінген автобусты қар көшкіні басып қалды

Балалар мінген автобустың үстіне демалыс орындарына бара жатқан жолда қар көшкіні құлады. Бір ғажабы, барлығы аман-есен қалды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Қазір өңірде дауылды ескерту жарияланғанымен, тұрғындар әлі де демалысқа шығып кетеді. Ал құтқарушылар оқыс жағдайға түсіп қалғандарды құтқарып әлек.

Бұл жолы құтқарушылардың жолы болды. Өйткені жүргізуші еңістегі қар массасының қозғалысын байқап, тоқтай алған. Көліктің есігі мен шатыры ғана опырылып түскен. Қозғалыстың басқа қатысушылары автобусты бері қарай шығарып, босатқан.

Қар көп жиналған тау беткейлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қар көшкінін алдын алу жұмысы жүргізіліп жатыр. Қыс басталғалы қазірдің өзінде 260 мың текше метрге жуық қар шығарылды,

деді Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Марина Лискова.

Синоптиктер де үрейлі болжам айтты. Термометрлер +7 градусқа дейін көтеріледі. Олар жаңбыр мен қар болатынын айтты. Барлық қызмет жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр. Су басу қаупі бар жерлер ерекше бақылауда.

Бұған дейін Тәжікстанда 14 адамның қар көшкіні астында қалғанын жазған едік. Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялық облысының Хорог қаласында үлкен қар көшкіні жүріп өтті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago