Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Мақсұт Исаховқа сот үкімі шықты. Экс-шенеунік 2023 жылдың шілдесінде тұтқынға алынған.
Ол ұлттық қауіпсіздік комитеті басшының орынбасарына 200 мың доллор пара бермек болды деген айыппен ұсталды. Содан бері тергеу абақтысында жатқан бұрынғы шенеунік сот барысында өзіне жала жабылғанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, керісінше ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары Исаховтан ақша бопсалаған.
Даудың бәрі қаладағы жылу құбырын жөндеу үшін өткізілген тендерден басталған. Мемлекеттік сатып алуда жеңген комания Мақсұт Исаховтың үстінен ұлттық қауіпсіздік еомитетіне шағым түсірген.
Жарыссөзде Исахов өзін ақтап шығаруын сұраған болатын. Ал, прокурор пара бермек болды деп айыпталған шенеунікке 8 жыл 5 ай мерзімде бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 8,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…